Шығыс ақындарынша

From Wikisource
Jump to navigation Jump to search

Абай Құнанбайұлы

Иүзи – рәушан[1], көзі – гәуһар[2],
Ләғилдек[3] бет үші әхмәр[4].
Тамағи қардан әм биһтар[5],
Қашың құдрет[6], қоли шигә[7].

Өзәң гүзәлләра рәһбар[8],
Сәңә ғишық болып кәмтар,
Сүләйман, Ямшид, Искандәр,
Ала алмас барша мүлкигә.

Мүбәда[9] олса ол бір кәз,
Тамаша қылса йузмә-йуз.
Кетіп қуат, йұмылып көз,
Бойың сал-сал бола нигә?

Ескертпелер[edit]

  1. Рәушан, рушан (парсыша) – жарық, айқын, әдемілік.
  2. Гәуһар, жауһар (парсыша) – асыл тас.
  3. Лағыл (арабша) – асыл қызыл тас. Лағылдек – лағылдай.
  4. Әхмар (арабша) – қызыл.
  5. Биһтар (парсыша) – бетер, жақсырақ. Бұл жерде қардан да ақ деген мағынада.
  6. Құдрет (арабша) – күш. Бұл жерде ерекше жаратылған деген мағынада.
  7. Шигә (парсыша) – әдемі, сұлу.
  8. Рәһбар (парсыша) – жол сілтеуші, бастаушы. Бұл жерде әдемілікке бастаушысың деген мағынада.
  9. Мүбәда (арабша) – егер де бола қалса деген мағынада.