Сауысқан мен қарға
Appearance
Ала сауысқан бір бұтақтан бір бұтаққа шығып, тынбай шиқылдай беріпті, қасындағы кұзғын-қарға үндемей отырыпты-мыс. Сонда сауысқан:
— Қарға тамыр, сен неге үндемейсін, әлде менің айтқан сөздеріме нанбай отырмысың, — депті.
Оған қарға айтты дейді:
— Рас, сауысқан мырза, еркін сөзіңе наныңқырамаймын; саны-сапасы жоқ көп сөйлеген мылжың шын сөзді азайтады деп білемін, — депті-міс.