Әй, жігіттер!

From Wikisource
Jump to navigation Jump to search

Ыбырай Алтынсарин

Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз,
Азған елдің ішінен.
Алыс-алыс қашыңыздар,
Зияндасты кісіден.
Жақсыны көзден салмаңыздар,
Жақсыдан қапыл қалмаңыздар.
Өзі болған ерлердің
Аяғынан алмағыздар.
Әр елге, әр жұртқа алтын сақа табылмас!
Бас ауырса бақсыларды,
Алып келіп бақтырарсың.
Жазықсыз жануарды сойып,
Өкпеменен қақтырарсың.
Жын-бәлекет қашады деп,
Тұмар алып тақтырарсың.
Білмес надан ескен істен
Ешбір қайыр табылмас.
Алған жарың жаман болса,
Бір тәңірге налынарсың.
Жарым сондай болса екен деп,
Көрінгенге көз саларсың.
Әзелде маңдайыңа нені жазса соны аларсың,
Бәріңізге қасы қара, қызыл жүзді табылмас!
Қатының өлсе қарыс ұрып қаларсың,
Аны мұны қармалап,
Және біреуді аларсың,
Бір кеткен соң қамқор әке-шешең табылмас!