Қарға мен құрт

From Wikisource
Jump to navigation Jump to search

Ыбырай Алтынсарин

Қарға ұшып жүргенде жерде жорғалап бара жатқан құртты көріп, тұмсығымен тістеп алып ұшып кетті. Құрт байғұс істің жаманға айналғанын біліп:
— Әй, қарға батыр, әке-шешеңді де көріп едім, асқан жақсы құстар еді, — деді.
Қарға тәуір көріп, тұмсығымен «уһ!» деді.
— Апа-ағаларыңды да білуші едім, — деді құрт.
Қарға тағы «уһ!» деді.
— Бірақ соның бәрі де сенен жаксы емес еді, — деді.
Сонда қарға масаттанып «аһ!» дегенде, аузы ашылып кеткен соң, құрт жерге түсіп кетіп, құтылды дейді.