Jump to content

Page:Akbope (Isa Baizakov 1945).pdf/60

From Wikisource
This page has been validated.

Қойнынан сар мойынды кездікті алды,
Тоқта, деп кейбіреулер түсе қалды.
Қан емес, мұнын аты кек алу деп,
Алмасын қақ жүректен барып салды.

От болып екі көзі кетті жанып,
Қайратқа қайрат қосып, тұр тұтанып,
Жалмажан жаудың қанын жұтты топрақ,
Сусыны ішкен сайын шала қанып.

Әмірхан, тағы талай кегіңді алам,
Ұйыктай бер тыйышталып болмай алаң.
Жүрегім сеніменен бірге болсын
Тынысым шаршағанда сенің молаң!

Ақбөпе әнмен бірге жасын төгіп,
Қайғыны кекке берді қайратқа егіп.
Теңдік пен махаббатты жырлай, жылай,
Қапасын қара күннің өтті сөгіп...

СОҢЫ.