Көрсеткен келе сала Құдияр күшін,
Аярлық сыйқында жоқ адам пішін.
Құм болып қайран жігер шыдай берді,
Қорлығы күндіз-түні жайлап ішін.
Күн сайын жұмбақ болып оқыйғасы,
Көл болды қан аралас көздің жасы.
Бас кессе жалғыз ауыз сөйлемеді,
Аңдып ед не болар деп кәрі, жасы.
- Жузкара таңба салған аруақ аттап,
Аяма сүйегін жақ, етін қақтап.
Ақажан бір ысқырып сұр жыландай,
Құтыртып Құдиярды қойған баптап.
Ұрғанын келе сала естіп Кәрібай,
Аттанып өзі келді шыдай алмай.
Балаңа айт бұдан былай көп ұрмасын.
Айламен ұстау керек таяқтамай.
Әкелдің, адам қылып ұстау керек,
Мақсатың өлтіру ме, мұның қалай?
Сұлуды ұрып өлтірді - деген атақ,
Таңба ғой, сүйегіңе жыр болғандай.
Құй ұрсын, құй ұрмасын болар болды,
Шама жоқ, көтеруге екі қолды.
Нәр татып, қорек алып ас ішуге,
Ынта жоқ құр-домалау оңды-солды.
Қайғының минут сайын дәмін татып,
Арсыз жан кеудесінен шықпай жатып.
Ілініп апта өткенде жүріп тұрды,
Мешелдей екі аяғын қыбырлатып.
Шынба әлде, өтірік пе тала берді.
Уһілеп құшақтайды жатып жерді.
43