Jump to content

Page:Akbope (Isa Baizakov 1945).pdf/43

From Wikisource
This page has been validated.

Бөкенді басқалары көре алмады,
Әмірхан келе жатыр көз айырмай.

Айғайда шын шабысқа салды тарлан,
Тістеніп ауыздығын алды тарлан.
Теңселген тебінгідей бөтегені,
Шырлатып, от орнындай ойды тарлан.

Танауы шелектей боп шеңберленіп,
Түндегі қызыл шоқтай дөңгеленіп.
Алыптың аспап салған қалтасындай,
Салбырап астыңғы ерін жерге төніп.

Өрленіп от боп жанып екі көзі,
Жапанды жара жаздап жалғыз өзі.
Жал-кұйрык, жел көсілткен ту секілді,
Біткендей бір күн шапса жердің жүзі.

Адырын андамастың аса шапты,
Қу жонын кұлазырдың баса шапты.
Бөленген жапан түздің бәйшешегін,
Қаратпай қаймықтырып тозаң жапты.

Айқасты бөкен асып бес қыяға,
Таянды шапақ шашып күн ұяға.
Әмірхан Ақбөкенге сонда жетіп,
Қош айтты кербез киік, дүнияға.

Күн батты бұлтқа барып жарық қашты,
Құлады кеш қоңыры жерді басты,
Керуендей бұлттар көшіп, жел қозғалып.
Көңілсіз күйге түсті аспан асты.::

... Әмірхан осы кеште үйде болмай,
Күтпеген күйсіз мезгіл болған солай.
Арыстан алыс қалып алысатын,
Арманда кеткен ару - жылай-жылай.

42