Ұшыраған мұндай күйге сорлы Ақбөпе,
Жазықсыз жаза тартқан мұнды Ақбөпе,
Бақыты бір-ақ түнде күл бөп ұшып,
Күрмеліп көр аузында жатқан бөпе.
Таяғы Құдиярдың қоймай ұрган,
Тоқта деп жан болмады ара тұрған.
Ұмтылған арашаға жеңгелерін,
Кісі деп Құдияр жоқ есепке алған.
- Қанғырған қайыршыға еріп қашып,
Жер қылып атағымды елге шашып.
Өмірінді ит жемеде өткізейін,
Ал бәлем сөйлеп көрші аузынды ашып...
* *
*
Бұл күйге нағып түсті қалай оңай,
Аңдаусыз қапы қалды абайламай,
Өзекте жеке қонған азғана ауыл,
Бір кеште бейғам еді қауып ойламай.
Түн еді түртсе көзге көрінбейтін.
Түсер ед, жүрген дыбыс білінбейтін.
Нажағай, анда-санда түнді тіліп,
Күрсініп көк қозғалып күрілдейтін...
Жау тиіп осы түнде, елді баскан.
Жармасқан жараланып, ауыл сасқан.
Таукеннің талқан қылып қараша үйін
Аруды атқа танып алып қашқан.
Әсіресе Құдиярдың қатты ашуы.
Әл бермей, Ақбөпе көп жағаласқан.
Жабылып үш-төрт жігіт азар байлап,
Құдияр қор боп қалған, күш сынасқан...
40