Қаңтарып таңасырса өре салып.
Жайылымға кететұғын жылқышы алып.
Атақты аймағына Тұрсын болыс,
Ақтарлан кұтым дейтін масаттанып.
Айғайы жылқышының тауды жарып,
Кұлаққа тас ұргандай тиді барып,
Аттанды аты барлар әй-түйі жоқ,
Қолына тиген-тиген қаруды алып.
Не болды, алып кетті «Ақтарланды».
Айқасқан барлығы да жараланды.
Алыбы адамзаттың болса керек,
Ағызды жосадай ғып қызыл қанды.
Аттандап салған ұран тауды аралай
Шошытты елді өрепкіп үрей қалмай...
Бұйырса Тұрсын болыс жан қала ма,
Атылып атқа мінді оқ жыландай.
Кун қызды шілде шертті кәрі күйін,
Қайнатты әуе айналып адам мыйын.
Аңызғақ аңырай соғып қақырык кеуіп,
Дем алу, деміктіріп болды қыйын.
Ақтарлан ауыздығын қарш-қарш шайнап,
Омырауын көбік жауып келеді ойнап.
Шыңырауға шаңқай түсте келіп жетті,
Қоржыннан қауға арқанын алды сайлап.
Аттардың жетектегі ерін алып,
Суарды кезек-кезек бәрін жайлап.
Су кұйып жан торсыққа толтырды да,
Бөктеріп «Мамакерге» алды байлап.
Жүгіріп маңайынан қоқыр жыйды,
Жылқының жас тезегін қосып үйді.
10