Қанағат

From Wikisource
Jump to navigation Jump to search

Ыбырай Алтынсарин

Әзірет Әлиден бір жұт[1] келіп сұрады дейді:
— Толық байлық қайтсең табылады?
Әли айтты:
— Қанағат ете білсең. Қанша мал көп те болса қанағаты жоқ кісі байлыққа жеттім деп тоймайды; қанша мал аз да болса барына қанағат ете білсе, бұл адамның көңілі жайлы, тынышырақ болады; — соның үшін Әзірет Әлі, — байлық — қанағатта,— деді.

  1. Жұт — еврей