Надандық/В

From Wikisource
Jump to navigation Jump to search

Екі кісі жаздың бір әдемі күнінде сайранға шығып, бір ағаштың қасынан өтіп келе жатқанда, көкек шақырды дейді. Біреуі тұрып айтты:
— Көкек тек құс емес, ол мені көріп шақырғанын ырым етемін, маған ұзамай-ақ бір дәулет жолығады екен, — деді.
Қасындағысы айтты:
— Көкек саған шақырған жоқ маған шақырды, дәулетке мен жолығамын, — деді.
Әуелгісі айтты:
— Сен итке неғылған дәулет?!
Оған қарсы екіншісі:
— Мен ит емес, сен ит! — деп екеуі ұрысысып, ұрыстан соң төбелесіп, екеуінің де аузы-мұрны қан болды. Мұнан соң екеуі де дәрігерге келіп, жараларына ем еттіріп отырып, ұрыстың неден басталғанын айтысты. Сонда дәрігер айтты дейді:
— Ей, ақылсыздар, ол көкек сендер үшін емес, менің үшін шақырған екен; көкек шақырмаса, сендер төбелеспес едіндер, төбелес болмаса, сендер жаралы болып, мен емдеп, ақы алып олжа таппас едім, — деді.